Кемеші атты кәсіп бар...

«Арал әлемі » газеті, 22 ақпан 2025 жыл

Оң-солыңнан құрылықтың шеті де көрінбейтін теңіздің ортасына барып көкжиекке айнала көз тастаған адам өзін теңізбен бетпе-бет оңаша қалғандай сезінері анық. Көк аспан – тәңір мен теңіз-су бір-біріне қарама қарсы қарап тұрғандай. Адам тағдыры екеуінің әмірінде, һәм ортасында. Уақыт пен кеңістікті билеп-төстеп, еркін жүретін ортаң құрылықта қалды. Өте биік ғимараттың ұшар басынан төмен қараған адам да өзінің тұла бойы түршігіп бір сәт қорғансыздық сезінетінін білетін болар. Биіктеген сайын, жағадан алыстаған сайын адам мінезінің шыңдалып өршіл қайратты ерік жігері сомдалып, сана сезімі күнделікті күйбең тіршіліктің масаңдығына таңданып мырс етерлік күйде болады. Ал адам ғұмыры да сол сияқты дүнияға шыр етіп келген сәттен бастап, анасының аялы алақанынан, әкесінің қамқорлығынан алыстай береді. Сол алыстаған күйі жырақтап, қайта оралып, өмір атты теңіздің толқындарымен алысып, кейде арпалысып, өзінің несібесіне жету үшін үздіксіз күресумен болады. Теңіздің жағасында дүниеге келіп,  Аралым деп аңсаған армандарына ұмтылған адамның бейнесін суреттеу. Төрт түлік малдың төлдегенін көріп өскен бала өрісін қалай аңсаса, теңізді көріп өскен баланың қиялы шалқыған теңіз толқындарының кеменің көкірегіне соғып, тұзды тамшыларын бүркіп теңізшінің серпінді көңіліне ерікті рух ұялататын қасиетін аңсайды. Міне сол теңізді шарлау үшін ескекті қайық, желкенді кеме керек. Ал бүгінгі таңда ең әуелі заманауи техникамен жабдықталып, құрастырылған қуаты мыңдаған жылқының күшін бір қозғалтқыш арқылы іске қоса алатын кеме жасаушы маман (инженер) керек. Кемені жасау үшін адам көкте қалықтағысы келіп тұратын, қанаттарын серпіген қыран сеілді көздері алысты барлай алатын, зерек бағдаршыл болу керек.

Изображение WhatsApp 2025-02-24 в 09.29.04_f49e1356

Міне, осылай сипаттап жоғарыда сүреттегендей адамның бірегейі – кеме жасау кісібінің маманы Әбдіғали Анарұлы Қоянбай 70 жаста. Сөз бастауымыздың қисынын келтірсек, анасының аялы алақанынан алыстаған уақыты, жағасынан алыстаған Аралы сияқты 70 жылға жуықтапты. Ал шарлаған кеңістігіне келсек сол жылдары жүріп өткен, іссапармен аралаған, саяхаттаған әлемі. Қайда жүрсе де теңізі жағалау бар елдерде болып, олардың кемелерін көру, тамашалау міндетті әдет-ғұрпына айналған. Кеме құрастыру (корабел) ісін меңгерген, қазақ арасынан ілуде бір шыққан қасиетті Арал өңірінде туып, өскен азамат.

Бұл ардақты ағамыздың мінезіне келсек, Арал теңізінің ағыны сағат тіліне қарама-қарсы жылжитыны сияқты, ой-пікірі бұрыннан қалыпты, ығыры шыққан тұжырымдарға кереғарлық танытып, өзінің қисыны күрделі жобаларын дәлелдеп шығады. Сонымен бірге Арал теңізіңің тағы бір қасиеті – тереңдеген сайын түбіне қарай суы оттегіне байып отыратынындай, Әбдіғали ағамызбен де әңгімелескен сайын маңызды, мәнді ой-қиялдарына бірге бойлап кетерің анық. Ал саналы ғұмырында өлең жазуды, сезімін өлеңмен жеткізуді ғұрпына айнадыруы жайдан-жай емес. Балалық шағындағы туған жердің аппақ құмы су толқынына шайыла  иірілімделсе, теңізінің суы лекпи толқындаса, бұл табиғаттағы рифманың көріністері. Міне сондай ортада балалық шағы, балауса жеткіншек, бозбалалық дәурені өткен жігіттің ақын болмауы, арманшыл болмауы мүмкін емес. 

Арал теңізінің тарихына келсек, деректерде келтірілгендей атаулары «Окс көлі», Каспийдің Сақ шығанағы», «Хорезм көлі», «Көк теңіз» сынды әр түрлі болғандығы да бүгінгі кейіпкеріміздің болмысына сайып келетіндей теңеуге лайық. Әбдіғали ағамыз да өз ғұмырында әр түрлі мамандықтарды, әр түрлі кәсіпті жатырқамай, заман сұраныс-талабына сәйкес игеріп, бас білмейтін асауды үйреткендей алып кете беретін қасиетін білетін жұртшылық таңданыспен тілдеріне тиек етеді. Ол ағаш ұстасы, ол кеме құрастырушы, ол – инженер, ол- кеме қабылдаушы, жоба жетекшісі, ол ақын.

Өткен еңбек жолына үңілсек, Қоянбай Әбдіғали Анарұлы еңбек жолын Арал кеме жөндеу зауытында кеме балташысы болып бастады. Әскерден оралып, ол өзінің туған зауытында жұмысын жалғастырды, ол жерден Одесса теңіз инженерлері институтына (кеме жасау факультеті, мамандығы – кеме жасау және кеме жөндеу) жіберілді. Институтты бітіргеннен кейін роликті тіркемелерді шығаратын цехта мастер, жаңа техниканың инженері, кейін зауыттың техникалық бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Ол кейіннен Aрал кеме жөндеу зауытында салынған Орталық Азия теңіз пароходствосының (Шаржау) конструкторлық бюросында,.Әмудария өзені бойымен доңғалақты көліктерді тасымалдауға арналған, 500 тонналық 553 – ВM баржасының жобасын жасауға қатысты.

Арал кеме жөндеу зауыты профилін өзгерткеннен кейін, 1988 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, су көлігі саласындағы қызметін жалғастырды. Қазақ КСР Көлік министрлігінің «Казречфлот» аумақтық өндірістік бірлестігінде (кейіннен – КазРечМорфлот) бас маман, бөлім бастығы, ал 1992 жылдан бас маман, кейін орталық аппаратта бөлім басшысы қызметтерін атқарған, . жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басқармасы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Теңіз және өзен Регистрінің қазақстандық сыныптау органының директоры және 1999 жылы аталған министрліктің Көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы қызметіне ауыстырылды. 2002 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы («Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті) Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіріп, мұнайшы тау-кен инженері біліктілігін алды.

2000 жылдары ол мұнай-газ саласында еңбек жолын жалғастырды, осы салада теңіз маманы ретінде жұмыс істеді, өйткені Каспий теңізіндегі мұнайшылар Қазақстан қайраңын әртүрлі кеме түрлерін пайдалана отырып игеруді бастады. Теңіз жобалары бөлімінің жоба жетекшісі, «Қазақойл» ҰОК (кейіннен «ҚазМұнайГаз» АҚ) теңіз және жағалау инфрақұрылымы департаментінің бас менеджері, Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компанинің теңіз жобалары бөлімінің конструктор-кеме жасаушысы Н.В. (Аджип ҚКО, Атырау) болып, онда ол Қашаған үшін тұрғын үй баржалары, әмбебап кемелер құрылысына қатысты (мұзды қорғауға арналған баржалар, эвакуациялық баржалар, тұрғын үй баржаларына арналған спонсондар, «Нұр» және «Шапағат» (Швецияда салынған), мұзжарғыш «Тұлпар» (Норвегия), Ақтау қ., «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰМСК АҚ, кеме жасау департаментінің директоры және тапсырыс берушінің өкілі (сыйымдылығы 12 000 тонна «Ақтау» танкері, сыйымдылығы 3 000 тонна баржалар Зеленодольск, Татарстан) жұмыс істеген.

Ағамыз Аралда 100-200 тонналық щағын кемелерден бастау алған мамандығын теңіз кетсе де жалғастырып, елімізде теңіз флотын құру ісіне атсалысып, Каспидегі ең үлкен, 12000 тонналық мұнай таситын кемеге дейін қабылдап, осы бір қиындығы мен қызығы мол кәсіптің шыңына жеткендей.

Ә. Қоянбай «Су көлігі үздігі» белгісі иесі, өз мамандағы бойынша Ресейдің Москва, Санкт-Петербург қалаларында білімін арттырып,  атақты ағылшындық Ллойд Регистрі мен Ресей Теңіз Кеме қатынасы Регистрінің эксперт-аудиторы деген атақтарын алған Қазақстандағы алғаш маман. «Астананың 10 жылдығы құрметіне» арналған мерекелік медальмен, бірнеше рет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Қазмұнайгаз» және басқа да өзі жұмыс істеген компаниялардың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мамандығына сай, өскелең ұрпаққа арнаған  «Кеме құрылысы бойынша қазақша, орысша және ағылшынша сөздік» (2013 ж.) баспадан шығарып, ол Ақтау теңіз академиясында студенттерге білім беруге септігін тигізуде. 70 жасқа толуы құрметіне жақында ғана Қазақстан Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен мадақталса, жақында, жаңа жыл қарсаңында Евразия көлік кешенінің көшбасшылары атты Н. Есенғарин Қорымен арнайы өткізілген «Магистраль Awards» байқауында су көлігінің «Кәсіби шебері» атағын жеңіп алды.

Қоянбай Ә.А. Ресей теңіз кеме қатынасы Регистрі мен Ресей өзен Регистрінің  сапа жүйелері бойынша сарапшы-аудитор атағын алған қазақстандық жалғыз маман. Қазақстандағы кеме құрылысы туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тұңғыш сөздіктің (2013) авторы. Қазіргі таңда Әбдіғали Анарұлы осы биылға баспадан шығуға жоспарланған  «Теңіз және өзен флоттары терминдерінің энциклопедиясы» жобасын жасап, шығармашылығын жалғастыруда.

Жетпіске жеткен жасында, бүгінгі таңда да егемен еліміздің теңіз флоты  саласында алғашқы жобалау-конструкторлық бюросын құруға мұрындық болып, мүдделі тараптаптардың сұраныстарына орай шақырылып, жұмысшы топтардың жетекшісі ретінде, Оралдағы «БатысЭнергоПром» ЖШС-де бас конструкторлық  басшылық лауазымға тағайындалып, бай тәжірибесін, білімін, біліктілігін ел мүддесіне пайдаланып,  жұмысын жалғастыруда. 

Ақылбай Құлымша

Проектно-конструкторское бюро (ПКБ)

В феврале 2024 года создано Проектно-конструкторское бюро ТОО «Батыс Энерго Пром».

  • В его составе высококвалифицированные специалисты, руководствующихся соответствующими знаниями и богатым опытом, приобретенным за многолетнюю работу в отрасли водного транспорта.
  • В 2023 году штат ТОО БЭП пополнялся сотрудниками, имеющими богатый опыт в разработке проектов, в том числе и в судостроении/судоремонте, которые в свое время осваивали школу проектирования в технических отделах и КБ судостроительных/судоремонтных  заводов.
  • В апреле 2024 года Компания получила Свидетельство о признании отечественного классификационного органа – филиала «Регистр судоходства Казахстана» РГКП «Қазақстан су жолдары» Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан.
  • При широком спектре предоставляемых услуг компания способна решать задачи для всех типов судов, эксплуатируемых на Каспийском море и внутренних водных путях.
  • Высокая квалификация сотрудников и наличие специалистов всех направлений позволяет компании комплексно охватить основные виды интеллектуальных работ в области судостроения/судоремонта: от перегона судов до проектов на разных этапах проектирования.

Перечень выполняемых работ ПКБ

  • проектирование судов
  • разработка технической и рабочей документации на изготовление и ремонт изделий для установки на судах с классом Регистра судоходства Казахстана
  • разработка технической и рабочей документации на изготовление и ремонт изделий для установки на судах с классом классификационных обществ, признанных в Республике Казахстан
  • разработка проектов перегона различных типов судов (со схемами буксировки и всеми необходимыми расчётами), плавучих средств, буровых установок, платформ, сооружений и объёмных тяжеловесных металлоконструкций на баржах по реке и морю
  • разработка проектов речных (маломерных) судов для регистрации и постановку на учет в Регистре судоходства, Государственном реестре или в Судовой книге
  • разработка нормативных правовых актов по судоходству и мореплаванию (в том числе и для государственных органов)
  • ведение авторского надзора за строительством судов
  • разработка стандартов, инструкций и положений для компаний, осуществляющих деятельность на море и реках

Основные направления деятельности ПКБ

  • Сопровождение строительства
  • Разработка проектно-конструкторской документации
  • Оценочные и консалтинговые услуги

Разработка проектно-конструкторской документации

Организация и выполнение:

  • проектно-конструкторских работ в области морского и речного судостроения и судоремонта – для судов и плавучих сооружений в Каспийском регионе и на внутренних водных путях Республики Казахстан;
  • инженерно-аналитических работ в сфере судостроения/судоремонта. 

Разработка:

  • технических заданий, эскизных проектов и технических предложений с технико-экономическим обоснованием (ТЭО) для тендеров по проектированию и строительству судов и плавучих сооружений;

  • проектов по ремонту, модернизации, переоборудованию и переклассификации морских и речных судов на классы Классификационных обществ, признанных в Республике Казахстан (в том числе Российского Морского Регистра Судоходства и ГУ «Регистр Судоходства» (РК);

Разработка проектно-конструкторской документации

  • проектов перегона (со схемами буксировки и всеми необходимыми расчётами) плавучих средств, сооружений и объёмных тяжеловесных конструкций на баржах;
  • технологической документации для строительства и ремонта морских и речных судов и морских сооружений:
  • ремонтные ведомости;
  • чертежи по ремонту корпусных работ (замена обшивки, изменение конструкции фундамента под ДВС и различные судовые оборудования);
  • чертежи речных маломерных судов для регистрации и постановку на учет в Государственном реестре или в Судовой книге;
  • участие в щвартовных и ходовых испытаниях;
  • разработка нормативных правовых актов по вопросам судоходства и мореплавания; 
  • uинструкций и положений по заказу компаний, осуществляющих деятельность на море и реках; 
  • нормативно-технической документации;

А также ведение авторского надзора и проведение аудита судов. 

Сопровождение строительства

  • Проектами судостроения ТОО БЭП занимается со дня основания, а в 2023 году его штат пополнялся сотрудниками, имеющими богатый опыт в разработке проектов, в том числе и в судостроении/ судоремонте, которые в свое время осваивали школу проектирования в технических отделах и КБ судостроительных/судоремонтных  заводов.
  • Компания расширяет спектр предоставляемых услуг от выпуска проектной документации до полного сопровождения строительства и оценки судов/плавсредств.
  • Внедрение новых систем управления качеством и документооборотом повысит  качество проектно-конструкторской документации, а использование современного программного обеспечения сократит сроки выполнения работ.

Оценочные и консалтинговые услуги

  • расчёты трудоёмкости и стоимости строительства судов;
  • оказание экспертных, маркетинговых услуг в области судостроения и судоремонта;
  • сметы затрат на ремонт, реновацию, модернизацию, переоборудование и переклассификацию судов.

Наши партнеры

Наш партнер ООО «СКИП» успешно работает более 20 лет на рынке проектных услуг. Сотрудничество между ООО “СКИП” и  ТОО “БатысЭнергоПром” отражает эффективную стратегию сотрудничества между нашими  компаниями.
 
Активное взаимное сотрудничество и огромный опыт ООО «СКИП» обеспечивает непрерывность и эффективность реализации различных задач и позволяет ТОО «Батыс Энерго Пром» развиваться на рынке оказания услуг по осуществлению своей деятельности в отрасли водного транспорта на должном уровне и признанию в дальнейшем на международном уровне.
 
Лого. Скип
Таким образом, партнерство между ООО “СКИП” и ТОО “БатысЭнергоПром” является примером успешного сотрудничества между компаниями, способствует развитию и укреплению взаимных отношений двух стран в области судоходства и мореплавания.